Этика кодексі

«Атырау облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК
ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ
Кіріспе:

Медицина қызметкерінің Этикалық кодексі (одан әрі – Кодекс) кәсіби медициналық қызметті жүзеге асыру барысындағы медициналық және әлеуметтік қызметкердің тәртібінің этикалық нормалар мен ұстанымдарының жиынтығын анықтайтын құжат болып табылады.
Осы Кодекс денсаулық сақтау саласы қызметкерінің қоғаммен және емделушімен қатынасын анықтайды, жеке тұлғаның және жалпы қоғамның құқықтарын, қадір-қасиеттерін, денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталады, сонымен қатар денсаулық сақтау қызметкерінің қоғам алдындағы өз қызметіне жоғары моральдық жауапкершілігін анықтайды.
Бұл Кодексте денсаулық сақтау қызметкерлері деп орта және (немесе) жоғары медициналық мамандығы бар мамандар түсініледі.
Адам өмірі мен денсаулығы – негізгі, іргелі құндылықтар. Медицина қызметкерінің қызметі адам өне бастаған кезінен оның денсаулығын сақтауға бағытталған және одан адамға деген адамгершілік қасиетті, оның тұлғасына құрметпен, тілектестікпен, ниеттестікпен, мейірбандылықпен, қайырымдылықпен, төзімділікпен, өзара сенімділікпен, тәртіптілікпен және әділеттілікпен қарауды талап етеді.

1- бөлім
Миссиясы:
Біздің миссия – балаларға жоғары интеллектуалды капиталмен негізделген, заманауи құрылғылар мен инновациялық технологиялар арқылы қол жетімді мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету.

Мақсаты:

Пациенттерді (олардың туыстарын, заңды өкілдерін) мекеме қызметкерлерінің әдепсіз тәртібінен қорғау.
Аурухана қызметкерлері арасында кәсіби этикалық принциптерді дамыту.
Түрлі медициналық және өзге де көмек көрсету барысында аурухананың барлық қызметкерлерінің кәсіби этикалық норманы сақтауын қадағалау.
Кодексте көзделген этикалық нормалар мен мінез-құлық ережелерін бұзу деп түсінілетін, ұжымдастардың әдепсіздігіне байланысты жағдайларды қарастыру.
Мекеменің құндылықтар жүйесі

Әр сәбидің денсаулығы мен өмірі
Науқастың жағдайына түсіністікпен қарау
Басты қағида – емделушінің ризашылығы
Моральді-этикалық норманы сақтау
Біз үшін аса маңызды құнды капитал – біздің қызметкерлер

2 – бөлім

Қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және орталық қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Қоғам орталық қызметшісі өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.
Өз қызметінде Атырау облыстық балалар ауруханысы» ШЖҚ КМК медициналық қызметкері азаматтардың денсаулығын қорғау және медициналық көмек алу құқығы бөлігіндегі Қазақстан Республикасы заңнамасын, дәрігер антын, адамгершілік және қайырымдылық принциптерін қолданысқа алады.

Ұйым мамандары өз қызметінде міндетті

Қолдағы ресурстар шегінде өз біліктілігіне, лауазымдық нұсқаулықтарына және қызметтік міндеттеріне сәйкес сапалы және қауіпсіз едициналық көмекті қамтамасыз етуге жауапкершілікті, сондай-ақ моральдік жауапкершілікті артады.
Кез келген адамға жыныстан, жастан, нәсілден және ұлттық қатарына жататындығына, тұратын орнына, оның әлеуметтік статусына, діни және саяси пікірлеріне, сондай-ақ басқа да медициналық емес факторларына қарамастан, кез келген адамға медициналық көмек көрсету болып табылады.
Өзінің кәсіби білімдері мен біліктерін, эрудициясын тұрақты түрде жетілдіру.
Медициналық қоғамдастық қатарының таза болуын сақтау, өз ұжымдастары және өздерінің қателерін риясыз талдау.
Абыройсыз және біліктілігісіз, сондай-ақ пациенттердің денсаулығына зиян келтіретін әр түрлі кәсіпті емес ұжымдастарының практикасына кедергі болу.
Өз әрекеттерімен «Атырау облыстық балалар ауруханасының» беделін нығайтып, оның мүдделерін қорғау, аурухана қызметкерлерінің беделін түсіру әрекеттерін болдыртпау.
Пациенттердің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтау және қорғауды қамтамасыз ету.
Қызметкерлер бірлігі мен ұлтаралық келісімды нығайтуға қолдау көрсету
Еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтап, өз қызметтік міндеттерін адал, риясыз және сапалы орындау, бұл үшін өз бос уақытын тиімді қолдану.
барлық күш-жігерді жоғары кәсіби жұмысы үшін салып, қойылған міндеттерге қол жеткізуге оңтайлы және үнемдеу шешім тәсілдерін қолдану, сенімге берілген мемлекеттік меншікке ұқыпты қарау.
іске деген өз қарым-қатынасы мен жеке тәртібімен ұжымда тұрақты және жағымды моральдік-психологиялық ахуалды құруға әсер ету.
қызметтік міндеттерді орындауда киім үлгісінде іскерлік стильді ұстану.
қоғамдағы медициналық қызметкердің рөлін есепке ала отырып, ол қоғамдық іс-шараларға белсене қатысуы керек, әсіресе, салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шараларға.
медициналық қызметкермен қателік жібергенде немесе оның әрекеттері нәтижесінде ойланбаған қиындықтар болған жағдайда, ол науқасты, аға ұжымдасын немесе бөлімше басшысын, олардың болмаған жағдайында жұмыс істейтін мекеме әкімшілігін, хабардар етуге міндетті, және де тез арада, шұғыл өз әрекеттерін нұсқаулықтарды күтпей, жағымсыз салдарын түзетуге бағыттау керек. Қажеттілігі бойынша басқа да мамандарды тартып, қатесі немесе болған қиндықтары жайлы адал ақпараттандыруы керек.
жіберген қателерін нақты түрде талдап, оларды ұжымдастары мен басшыларымен басқа да дәрігерлердің клиникалық тәжірибесінде болдыртпау үшін толық талқылауға міндетті.
медициналық қызметкер өз лауазымдық міндеттерін орындауда сау болып, құмартушылықты тартатын кез келген заттардың әсерінде болмауы керек.
басқа да қызметкерлер жағынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілерін жібермеу және болдытпау керек.
қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік мақсаттарында қолдануды болдыртпау.
медициналық қызметкер пациентті дәлелсіз тәуекелге ұшырату, және де өз білімі мен мүмкіндігін адамгершілікке жатпайтын мақсатта қолдануға болмайды.Кез келген емдеу әдісін пайдалануды таңдамас бұрын дәрігер «Non nocere!» өсиетін басшылыққа алуы тиіс.
шұғыл көмек жағдайларынан басқа, науқастың жағдайын қиындатпайтын шаралар қолдануға міндетті кезінде, дәрігер пациент пен оның арасындағы қажетті өзара сенім болмағанда , егер өзін қажетті білікті деп санамаса, немесе емдеу шараларын өткізу үшін мүмкіндіктері жеткіліксіз болса, науқасты емдеуден бас тарта алады. Осындай және ұқсас жағдайларда дәрігер бұл туралы сәйкесті денсаулық сақтау органын хабардар етіп, науқасқа білікті маманды ұсынуы мүмкін.
баланы емдегенде дәрігер толық ақпаратты оның ата-аналарына, қамқоршыларына беруі тиіс, емдеудің не бұл әдісін немесе дәрі-дәрмек құралдарын қолдану алдында олардың келісімін алуы керек.
өтініштерді қарастырғанда бюрократизм немесе кешіктірушілікті болдыртпай, олар бойынша орнатылған мерзімде шешімдер қабылдау қажет.
өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға, оған шыдамдылықпен қарау.
Медициналық қызметкердің жіберілмейтін әрекеттері
Медициналық қызметкер құқылы емес:

өз білімі мен мүмкіндігін адамгершілікке жатпайтын мақсаттарда қолдануға;
жеткіліксіз негіздерсіз медициналық шараларды қолдануға немесе орындамауға;
пациентті жазалау мақсатында, және де үшінші тұлғалардың мүддесі үшін оған медициналық әсер ету тәсілдерін қолдануға;
пациентке өзінің философиялық, діни және саяси көзқарастарын ұстануға мәжбүрлеуге;
пациентке әдейі, ұқыпсыз немесе әрекетсіз дене, адамгершілік немесе материалдық шығындарды, сондай-ақ аталған зияндарды келтіретін үшінші тұлғалар әрекеттері салдарын болдыртпау керек.
медицина қызметкерінің жеке ұғымдары және басқа да кәсібилікке жатпайтын дәлелдері диагностика мен емдеуге әсерін тигізуге;
пациенттің ұсынылған ақылы медициналық қызметтерден бас тартуы оған Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген, мемлекетік кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көрсету аясында көрсетіліп жатқан медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігінің төмендеу түрлері және көлемінің азаю себеп болмауы тиіс;
науқастардан көрсеткен қызметі үшін сыйлық және пациентке сыйлық беру өте орынсыз, себебі сыйлық бермеген және алмаған пациенттерге аз қамқорлық көрсетілетіндей әсер қалдыру мүмкін. Сыйлықтар көрсетілген қызметтері үшін беріліп, қабылданбау тиіс. Ақша күйіндегі және бағалы сыйлықтарды қабылдауға тыйым салынады;
медицина қызметкері дәрілік заттарды шығарушы фирмалардың және таратушылардың ұсынылған дәрілерін тағайындағаны үшін ынталандыру сыйлықтарын, медициналық ұйым аумағында компания логотипі немесе сауда атауы бар дәрілік препараттың, медициналық өнім құралдарын қолдануға;
медицина қызметкері өз қызмет бабын, пациенттің эмиоциональды жағдайын пайдаланып, онымен жеке меншік келісімдерін жасауға, оның еңбегін жеке мақсатында қолдануға, және де оны бопсалауға және пара алуға;
медицина қызметкері емдеу курсын тағайындау кезінде пациентке пайдаланылған дәрілік препараттар, медициналық өнімдер туралы дәйексіз, толық емес немесе бұрмаланған ақпаратты беруге, соның ішінде пациентке арзан бағалы дәрілік препараттардың, медициналық өнімдердің барлығы туралы ақпаратты жасыруға.
Кәсіби тәуелсіздік

Медицина қызметкерінің құқығы мен парызы – өзінің кәсіби тәуелсіздігін сақтау.
Медицина қызметкері балаларға медициналық көмек көрсете отырып, кәсіби шешімі үшін өзіне барлық жауапкершілікті жүктейді, сондықтан әкімшілік, пациент және басқа тұлғалар тарапынан кез-келген қысым көрсету әрекеттерін қайтаруға тиіс.
Медицина қызметкері кез-келген жеке немесе заңды тұлғамен олардың талаптары Қазақстан Республикасының заңнамаларына, этикалық ережелерге, қызметкердің кәсіби міндетіне қарсы келетін ынтымақтастықтан бас тартуы керек.
Медицина қызметкері сараптамаларға, консилиумдарға, комиссияларға, кеңестерге және т.б. қатыса отырып, өз көзқарасын анық және айқын жариялауы, ұстанымы, қысым көрсетілген жағдайда заңды немесе қоғамдық қорғауға жүгінуі тиіс.
Медициналық қызметкер мен пациенттің арасындағы өзара қарым-қатынас
Пациенттің ар-намысы мен абыройын құрметтеуі тиіс.

Медицина қызметкері пациенттің абыройы мен құндылығын құрметтеуге тиіс, оған және туыстарына ілтипатты және шыдамды қарым-қатынас жасауы тиіс. Пациентке деген дөрекі және адамгершілікке жатпайтын әрекет жасау, оның абыройын таптау, және де кез-келген үстемдік көрінісі немесе пациенттердің бірін артық көру немесе жақтырмау медицина қызметкері тарапынан жіберуге жатпайтын іс-қимылдар.
Туысқандары мен жақын адамдарының науқас жағдайына мазасыздануын түсіністікпен қабылдауға, дегенмен осы кезде жеткілікті кәсіби себептерсіз пациенттің және отбасы мүшелерінің жеке жұмыстарына араласпауы тиіс.
Медицина қызметкері медициналық көмекті пациенттің еркіндігі мен абыройына титтей де қысымсыз көрсетуі тиіс. Пациент-қоғам, пациент-отбасы және т.б. мүдделер қақтығыс туу кезінде медицина қызметкері пациент мүддесін, оның жүзеге асырылуы пациенттің өзіне немесе айналысына тікелей зардап шектірмеген жағдайда, басымдылық көруі тиіс.
Пациент медицина қызметкерінің барлық медициналық және оған сенілген жеке ақпаратты құпия сақтайтындығына сенуге құқылы. Медицина қызметкері пациенттің немесе оның заңды өкілінің рұқсатынсыз, зерттеу және емдеу кезінде, медициналық жүгіну дерегін қоса алғандағы мәліметтерді жариялауға құқығы жоқ.
Медицина қызметкері медициналық құпияның жариялауына кедергі болатын шараларды қолдануы тиіс. Пациент өлімі медициналық құпияны сақтау міндетінен босатпайды. Медициналық құпияны жариялау Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген жағдайларда рұқсат етіледі.
Пациент өз денсаулық жағдайы туралы жан-жақты ақпарат алуға құқылы, бірақ ақпарат алудан бас тартуына немесе денсаулық жағдайын хабарлауға болатын тұлғаны белгілеуіне болады.
Ақпаратты жасыруға салмақты негіз бар деп табылса, бірақ пациенттің дегенінен қайтпайтын талаптарын орындау үшін, дәрігер оған жан-жақты ақпарат беруге міндетті. Болжам науқас үшін жағымсыз деп табылса, оны сыпайы және сақтықпен, өмірін жалғастыруға үміт қалдырып, хабарлау керек.
Пациенттің өз келісімін саналы түрде білдіруге мүмкіндеге болмаса, оны пациентті үнемі бағып-қағушы заңды өкілі білдіруі тиіс.
Дәрігерлік құпия
1. Әрбір пациент жеке құпиясының сақталу құқығына ие, медициналық көмек көрсетуге қатысатын дәрігер, басқа да тең дәрежелі тұлғалар, науқаспен басқаша қарастырылмаған жағдайда, дәрігерлік құпияны пациент өлімінен кейін және де медициналық көмекке жүгіну дерегін сақтауы тиіс.
2. Құпия науқастың медициналық көмекке жүгіну дерегіне және емделу процесінде алынған барлық мәліметтерге (диагноз, емдеу тәсілдері, болжам және т.б.) таратылады.
3. Пациент туралы медициналық анықтама мына жағдайларда жариялануы мүмкін:

пациенттің анық айтылған өз келісімімен;
тергеу, прокуратура және сот органдарының негізделген талаптарымен;
құпияның сақталуы маңызды түрде пациенттің және (немесе) басқа тұлғалардың денсаулығы мен өміріне (қауіпті инфекциялы аурулар) қауіп төндіргенде;
ақпарат кәсіби қажеттілік болып табылатын, емдеуге басқа мамандарды тарту жағдайында;
4. Дәрігер науқасты емдеуге қатысатын тұлғалардың кәсіби құпияны сақтауын қадағалауы тиіс.
5. Медициналық ақпараттарды алуға рұқсатқа ие тұлғалар пациент туралы алынған барлық мәліметтерді құпия сақтауға міндетті.
6. Ғылыми зерттеулер, студенттерді үйрету және дәрігерлерді қайта даярлау кезінде дәрігерлік құпиясы сақталу тиіс.Науқасты туралы ақпаратты жариялау тек оның рұқсатымен жүзеге асырылады
МЕДЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Медицина қызметкерлері арасындағы өзара қарым-қатынас сыйластықтан, сенімділіктен және пациент мүддесін қорғаудан құрылуы тиіс.
Медицина қызметкері әріптестерімен өзара қарым-қатынаста адал, әділ, тілектес, тәртіпті болуға тиіс, олардың білімі мен тәжірибесіне құрметпен қарап, және де оларға риясыз өз тәжірибесі мен білімін беруге дайын болуы керек.
Басқа медициналық қызметкерлері алдында моральдік басшылық ету құқығы кәсіби құзыреттілік пен жоғары адамгершілік деңгейлі болуы қажет.
Әріптесіне айтылған сын дәйектелген және оған тіл тигібейтіндей қылып айтылуы керек. Сынға әріптес тұлғасы емес, кәсіби әрекеттері жатады. Әріптестерінің абыройын түсіру арқылы өз беделін арттыруға және олардың жұмысы туралы пациенттер мен туыстары қатысып отырған кезде жағымсыз пікірлер айтуға құқығы жоқ.
Медицина қызметкері өмір бойы өзін емдеу өнеріне үйреткендерге құрметін және алғыс сезімін сақтауға міндетті.
Медицина қызметкері өз әріптестерінің өзіне қалай қарым-қатынас жасағанын қаласа, оларға сондай қарым-қатынас жасауға МІНДЕТТІ.
Медицина қызметкері басқа дәрігердің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтіруге немесе басқа да тәсілдермен беделін түсіруге құқығы жоқ.
Ауыр клиникалық жағдайларда дәрігерлер әріптестеріне әдепті түрде кеңестері мен көмектерін көрсетуге міндетті. Емдеу процесі үшін, ұсыныстарды ескеру немесе одан бас тартуға мүмкіндігімен, науқастың мүддесін басшылыққа ала отырып, тек ем беруші дәрігер жауапты. Дәрігер басқа әріптестерінің науқастарының оған ауысуына жағдай жасамауы тиіс.
Өлім жағдайындағы пациентті моральды қолдау
Медицина қызметкері өлім жағдайындағы адамның азабын барлық қол жетерлік және жарияланған тәсілдермен жеңілдетуге міндетті. Медицина қызметкері пациенттің қалауы бойынша кез-келген діни конфессия қызметшісінің рухани қолдауын пайдалану құқығын кепілдендіруге міндетті.
Қорытынды

Осы Кодекс барлық медицина қызметкерлеріне міндетті.
Кәсіби этиканы бұзғаны үшін жауапкершілік дәрежесі этикалық комитетімен анықталады.

русский
қазақша

Директор блогы

Бас дәрігер блогы
Абджали Абдыбек Жұбанышұлы

Азаматтарды қабылдау күні: әр сәрсенбі 15:00-17:00

Сенім телефоны
Мемлекеттiк Ту

Мемлекеттiк Ту
Мемлекеттiк Елтаңба

Мемлекеттiк Елтаңба
Мемлекеттік Әнұран

Мемлекеттік Әнұран

Всего комментариев: 0