Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өткен салтанатты шарада «Жыл үздігі-2017» әр саланың үздіктері ұлықталды.

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өткен салтанатты шарада «Жыл үздігі-2017» әр саланың үздіктері ұлықталды. Шараны ұйымдастыруға Атырау қалалық ішкі саясат бөлімі мен «жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қоры мұрындық болды. Ауқымды шара биыл 3-ші рет ұйымдастырылып отыр. Сан түрлі салада еңбек етіп жүрген жастар 13 номинация бойынша марапатталды. Солардың бірі Денсаулық сақтау саласында сүбелі үлес қосып жүрген Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігер хирургі Елдос Зұлқашев. Ақ халатты абзал жан жаңа туған және шала туған балаларға ауыр ота жасауда тәжірибесі мол. Ол айына кем дегенде 20 ота жасайды екен. Марапатыңыз құтты болсын!

 


Жарияланды: 19.04.201915:25

Автор: