ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ

Пациенттерді қолдау қызметінің міндетіне медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін айқындау жатады.
ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ, ЕГЕР СІЗ:

  • медициналық көмек көрсету сапасымен қанағаттанбасаңыз;
  • медицина қызметкерлері тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;
  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медицина қызметкерлерінің ақшаны талап ету фактілерімен кездессеңіз;
  • сондай-ақ, егер Сіз медициналық көмек көрсету тәртібіне немесе сапасына байланысты проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ жолығуыңызды өтінеміз.

Объективтілік және ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің шағымыңыз комиссиямен және Сіздің қатысуыңызбен қарастырылатын болады.
СІЗДІҢ шағымызды мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарап, күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде шағымды қарау нәтижесі бойынша ақпаратты ұсынады.
Cіз өзіңіздің шағымдарыңызды аты-жөніңізді және мекенжайыңызды көрсетіп медициналық ұйымға кіреберісте орналасқан өтініштер мен шағымдарға арналған жәшікке қалдырсаңыз болады, сондай-ақ Сізге біздің сайтымызға www.aodb.kz «Бас дәрігердің блогы» және «СҰРАҚ-ЖАУАП» айдарына жазуыңызға болады.
Сонымен қатар, Сіз Пациентті қолдау және ішкі аудит қызметіне мына телефон арқылы хабарласа аласыз: 763649, жауапты СИПЛОВА ОРЫНДЫҚЖҰБАНҚЫЗЫ – бас дәрігердің медициналық қызмет сапасын бақылау ісі жөніндегі орынбасары.

Біз Сіздің ұсынған пікір мен тілектеріңізге алғысымызды білдіреміз! Сіздің ұсыныс-пікіріңіз, біздің мекеменің медициналық көмек көрсетуін жақсартуға оң ықпал етеді.

Всего комментариев: 0