Moderna Африкада вакцина шығаратын зауыт салуға ниетті

Американдық Moderna биотехнологиялық компаниясы Африкада жаңа вакцина фабрикасын салуға шамамен 500 миллион доллар инвестициялауды жоспарлап отыр.

Moderna компаниясы mRNA гендік технологиясын қолдана отырып, жыл сайын 500 миллионға дейін вакцина шығаратын зауыт салатындықтарын мәлімдеді. Алайда компания өкілдері кәсіпорын пайда болатын елді атаған жоқ.

“Біз осы кәсіпорында COVID-19 вакцинасын, сондай-ақ mRNA вакциналарын өндіру портфолиосындағы қосымша өнімдерді шығарамыз деп күтеміз”, – деді Moderna Бас атқарушы директоры Стефан Бансель.

Бансельдің айтуынша, зауыт құрылысы 2-4 жылға созылады, сондықтан пандемия мәселесін шешуге әсер етпейді.

Reuters Moderna және басқа вакцина өндірушілері бай елдерге-АҚШ – қа, Жапонияға және ЕО елдеріне дозаны жеткізетіндіктен және табысы төмен елдерге, атап айтқанда африкалықтарға көмектеспейтіндіктен сынға ұшырағанын атап өтті.

Moderna Covid-19 вакцинасын Массачусетс штатының Норвуд қаласындағы зауытта және Нью-Гэмпширдегі мердігер зауытта шығарады. Мердігер Lonza Group сонымен қатар АҚШ-тан тыс елдерге жеткізу үшін Швейцариядағы зауытта вакцина шығарады.

Компания осы жылы жаһандық пайдалану үшін миллиардқа жуық доза COVID-19 вакцинасын шығаруды жоспарлап отыр, ал келесі жылы дозалар санын үш есе арттырады.

Африка елдерінің арасында Moderna Ботсванаға COVID-19 вакцинасының дозаларын жеткізуге келісім-шартқа ие екендігі көрсетілген. АҚШ үкіметінің бағдарламасы бойынша компания Нигерияға вакцина жеткізеді. Ол сонымен қатар 2022 жылға дейін Covax бастамасы бойынша 34 миллион доза беруге келісті.