Борьба с коррупцией

 

Атырау облыстық балалар ауруханасының жұмысына, аурухана қызметкерлерінің жұмысына арыз-шағымдарыңызды арнайы арыз-шағым, ұсыныс жәшігіне өз өтініштеріңізді қалдыруыңызға болады. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиiс. Өтініштер міндетті түрде қабылданып, тіркеледі және қаралуға жатады.
Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.
Сіздің өтінішіңіз 15 (он бес) күн ішінде қаралады. Өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтамасыз етіліп, назарға алынады.
Атырау облыстық балалар ауруханасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға жауапты маман – Директордың орынбасары А.Орынбасарұлы.
Тел: 28-07-31.

Всего комментариев: 0