Неврология бөлімшесінде эпилепсия, эпилептикалық энцефалопатия, балалардың церебральды сал ауруы( егерде ол пациентте құрысу симптомы болса), жүйке-бұлшықет аурулары, зат алмасуының тұқым қуалаушылық бұзылулары (оның ішінде лейкодистрофиялар, дистрофия Дюшена), орталық нерв жүйесінің туа біткен даму кемістіктері және қосымша неврологиялық патологиясы бар пациенттер (29 күннен 18 жасқа дейін) диагностикалау және емдеу жүргізіледі. Бөлімшеде ұзақ бейнелі ЭЭГ мониторинг жүргізілетін Нейрофизиологиялық зертхана жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда емделушілерге келесі тексеру түрлері жүргізіледі: бас және жұлын миының МРТ/КТ, генетика кеңесі, ЭНМГ, окулистің қарап тексеруі қажет болған жағдайда басқа да мамандардан кеңес алынады.
Бөлімше меңгерушісі – Шайкенова Назерке Шайкеновна