Тұңғыш Президент Елбасы қоры «Қамқорлық» жол картасы бойынша ШЖҚ КМК «Атырау облыстық балалар ауруханасында» ашылған реабилитациялық орталықтың
Мақсаты: нейро-ортопедиялық ақауы бар балалар мен жасөспірімдерге медико-әлеуметтік және психо-педагогикалық көмек көрсету.
✓ Реабилитациялық орталық (2 және 3 кезеңді медициналық реабилитация) тірек-қимыл жүйесінде ақауы бар,туа біткен даму ақаулары және қимыл-қозғалыс бұзылыстарына алып келетін жүйке жүйесінің басқада аурулары бар балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсетеді.
✓ Орталық «заездной» жүйемен ай сайын 50 бала (тәуліктік-25, күндізгі-25) қабылдайды. Емдеу курсы 21 күнді құрайды.
✓ Көмек түрлері: емханалық- тұрғылықты жері қала бойынша тұратын балалар мен жасөспірімдер,ауруханалық – облыс аумағындағы басқа аудандардан келетін балалар мен жасөспірімдерге.
✓ Орталықта жоғары мамандандырылған кадрлардан құрылған,оның ішінде дәрігер-невролог, ЛФК дәрігері, дәрігер-реабилитолог, ЛФК инструктор, логопед,дефектолог, эрготерапевт,психолог жұмыс жасайды.
✓ Оңалту курсын алу үшін ата-аналар (заңды тұлғалар) анализ нәтижелерін және 3 қосымшадағы арнайы мамандардың консультациялық қорытындысымен рәсімдей алады.
✓ Күндізгі бөлімде ем алатын пациенттер, толық тәуліктік стационардағыдай ем алады.
Бөлімше меңгерушісі – Мирамова Гульнар Сапарбековна