<iframe width=”560″ height=”315″ src=”https://www.youtube.com/embed/2siEBxZKvOc” title=”YouTube video player” frameborder=”0″ allow=”accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture” allowfullscreen></iframe>
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жөніндегі қызметі.
Сенім телефоны-79-36-84
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын одан әрі айқындау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері өз қызметінде Стратегияны басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан президенті
Қазақстан Республикасы Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2014 жылғы 26 желтоқсан
№ 986
“Қазақстан-2050″ Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды.
Қазақстанның осы маңызды мәселе бойынша қағидатты ұстанымын көрсететін еліміздің басты стратегиялық құжаты мемлекеттің алдағы жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқару тиімділігінің, елдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуіне әкелетіні, үдемелі әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейтіні баршаға мәлім.
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сәйкес институттары мен тетіктерін құру бағытымен мақсатты және кезең-кезеңімен жүріп келеді.
Біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істейді, оның негізі “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” және “Мемлекеттік қызмет туралы” заңдар болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды кешенді түрде іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда.
Әлеуметтік шығу тегі мен мүліктік жағдайына қарамастан, оның кезінде басшылық орындарға қабілетті және кәсіби дайындалған адамдар орналасатын меритократия қағидаттарының негізінде мемлекеттік қызмет жүйесі қалыптасты, оның ішінде мемлекеттің әрбір органы мен лауазымды адамының функциялары мен өкілеттіктерінің аражігі нақты ажыратылып және айқындалып қалыптасты.
Шенеуніктердің азаматтармен тікелей байланысын қысқартатын және сыбайлас жемқорлық құбылыстары үшін жағдайларды барынша азайтатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын дамыту және мемлекеттік аппарат жұмысын ақпараттандыру жөнінде кешенді шаралар қабылданды.
Қазақстанға әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруге мүмкіндік берген азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру, ұлттық экономиканың өсуі, бизнесті жүргізу жағдайларын, халықтың құқықтық сауаттылығы мен әлеуметтік белсенділігін жақсарту, электрондық үкіметті енгізу бойынша қабылданып жатқан шаралар да заңға бағыну мәдениетін және мінез-құлықтың жалпы қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы модельдерін қалыптастыру үшін алғышарттар жасайды.
Сонымен бірге, экономиканың одан әрі өсуі, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарына кіру жөніндегі өршіл міндетті іске асыру бойынша стратегиялық міндеттерді шешу мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жаңғыртуға негізделген жаңа жүйелі шаралар қабылдауды және оны іске асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыруды талап етеді, бұл сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға мүмкіндік берер еді.
Осыған байланысты қазіргі кезеңде мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны (бұдан әрі – Стратегия немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия) айқындайтын жаңа бағдарламалық құжатын қабылдау қажеттілігі бар.
Мұндай құжатта сыбайлас жемқорлық деңгейін түбегейлі қысқартуға, мемлекет пен қоғам өмірінің түрлі салаларында оны туындататын себептер мен жағдайларды жоюға қабілетті алдын алу сипатындағы кешенді шараларға жетекші рөл берілуге тиіс. Яғни, басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күреске емес, оның алғышарттарын жоюға аударылуы тиіс.
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бизнесті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілерді жою, Қазақстанда жұмыс істейтін отандық және шетелдік кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерінен тиімді қорғау жөніндегі шаралардың басымдығын да көздейді.
Тұтастай алғанда, мұндай Стратегия мемлекет пен қоғамның тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын қамтуға, жан-жақты және дәйекті сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешенін әзірлеу мен жүзеге асыруды көздеуге және сол арқылы мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерінде, сондай-ақ жекеше секторда сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуды қамтамасыз етуге, қазақстандық азаматтардың осы әлеуметтік зұлымдыққа төзімсіз көзқарасын қалыптастыруға тиіс.
Бұл ретте Стратегия айқындайтын базалық бағыттар мәңгіге деректер бола алмайды. Олар жекелеген іс-шаралардың орындалуына қарай және сыбайлас жемқорлық құбылысын, оның себептерін, сыбайлас жемқорлық мінез-құлқының уәждемесін терең талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы істердің жай-күйін байыпты және объективті бағалау нәтижелерін ескере отырып түзетілуге тиіс.