Травматология бөлімшесі құрамына: травматология, ортопедия, күйік, нейрохирургия кіреді.
Қазіргі таңда травматология бөлімінде тірек-қимыл жүйесіне, жедел жарақат, күйік шалғандарға, нейрохирургиялық және оның салдарынан пайда болған ақауларға ота жасалынады. Дәрігер травматологтар ересектерге мамандандырылған медициналық көмекті, оталарды, манипуляцияларды, диагностикалық зерттеулердің соңғы тәсілдерін қолданып емдеу жұмыстарын жоспарлы жүргізеді. Бөлімше мамандарының біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді, шетел мамандарының қатысуымен мастер-кластар өткізіледі.