Бөлімшеде балаларға шұғыл көмек көрсету тәулік бойы үздіксіз жүзеге асырылады, бөлімшеде уақтылы, қолжетімді және тиімді көмекті жүзеге асыру үшін кезекші дәрігер мен мейірбикелер шұғыл медициналық көмек көрсетудің бірінші кезектілігіне қарай келіп түсетін пациенттерді (Триаж жүйесі бойынша Медициналық сұрыптау) топтарға бөлуді жүргізеді.
Балаларды жоспарлы емдеуге жатқызу жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, “Емдеуге жатқызу бюросы” электрондық порталына сәйкес жолдама бойынша жүзеге асырылады. Жоспарлы емдеуге жатқызу жағдайында өзімен бірге емдеуге жатқызу талоны, диагнозға сәйкес зертханалық және аспаптық тексеру әдістерінің деректері бар, болжамды емдеуге жатқызу күнінен кемінде 10 тәулік аспаған мерзімі бар амбулаториялық картадан үзінді болуы қажет.
Бөлім меңгерушісі Даулетова Айгерім Мақсотовна