ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ

Пациенттерді қолдау қызметінің міндетіне медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін айқындау жатады

ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ, ЕГЕР СІЗ:

  • Медициналық көмек көрсету сапасымен қанағаттанбасаңыз;
  • Медицина қызметкерлері тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медицина қызметкерлерінің ақшаны талап ету фактілерімен кездессеңіз;
  • Сондай-ақ , егер Сіз медициналық көмек көрсету тәртібіне немесе сапасына байланысты проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ жолығуыңызды өтінеміз

Объективтілік және ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің шағымыңыз комиссиямен және Сіздің қатысуыңызбен қарастырылатын болады

Сіздің шағымыңызды мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарап, күнтізбелік 5 күннен аспайтын мерзімде шағымды қарау нәтижесі бойынша ақпаратты ұсынады.

Сіз өзіңіздің шағымдарыңызды аты-жөніңізді және байланыс нөмерлеріңізді көрсетіп қалдыра аласыз:

1.Медициналық ұйымға кіреберісте орналасқан өтініштер мен шағымдарға арналған жәшікке

2.Мекеме электронды поштасына: atyrau_odb@bk.ru

  1. Мекеменің ресми әлеуметтік желілерінде: Instagram @atyrau_odb

@balalar_auruhanasy

4.Мекеменің www.aodb.kz ресми сайтына «Директордың блогы» және «Сұрақ-жауап» айдарына

Жауапты Сиплова Орындық Жұбанқызы – директордың медициналық қызмет сапасын бақылау ісі жөніндегі орынбасары

Біз Сіздің ұсынған пікір мен тілектеріңізге алғысымызды білдіреміз! Сіздің ұсыныс-пікіріңіз, біздің мекеменің медициналық көмек көрсетуін жақсартуға оң ықпал етеді.