«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ халықтың қоңырау шалу мүмкіндігін арттыру және «жоғалған» қоңыраулардың үлесін қысқарту үшін МӘМС және медициналық көмек алу мәселелері бойынша консультацияларды ағымдағы жылдың 1 – ші маусымынан бастап 1414 бірыңғай байланыс орталығы ұсынатындығын назарларыңызға береді.

1414 операторлары 9.00-ден 21.00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайды әрі оларға жауап береді. Егер ситуациялық сипаттағы өтініштер тереңірек зерделеуді қажет етсе, онда олар Қор мен медициналық ұйымдардың өкілдері өңдейтін екінші және үшінші желілерге жолданады.